Жеңіл салмақтағы абсолютті әлем чемпионы америкалық Дэвин Хэйни 18 қыркүйекте Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін Сауль Альварес (57-2-2, 39 КО) пен Геннадий Головкин (42-1-1, 36 КО) арасындағы үшінші жекпе-жекке болжам жасады, деп жазады Prosports.kz.

«GGG не істеу керек екенін біледі. Алғашқы екі жекпе-жекте ол жетістікке жетті. Ол мықты нокаутер, бұны «Канело» да біледі. Сол үшін «Канело» оны құлату мақсатында алға ұмтылады деп ойламаймын.

Жақсы жекпе-жек болады. «Канелоның» жеңіске жететініне сенемін, бірақ кездесу басқалар ойлағандай оңай болмайды», - деді Хэйни FightHype YouTube-арнасына берген сұхбатында.