Kazsport телеарнасы Қазақстан президенті кубогының барлық кездесулерін көрсетеді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының бас менеджері Асқар Уранхаев ҚФФ баспасөз-қызметіне берген сұхбатында айтты:
 
«Биыл Қазақстан президенті кубогының барлық кездесулері Kazsport телеарнасында көрсетіледі. Біздің жанкүйерлер үшін бұл қуанышты жаңалық», - деді Уранхаев.