«Қайсар» футбол клубының қорғаушысы Алексей Мулдаров Ресейде емделіп жатыр, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
Бейресми ақпаратқа сүйенсек, 34-жастағы футболшы демалыс барысында жарақат алып, өз уақытында қызылордалық команданың жаттығуына келе алмады.
 
Қазіргі таңда, Мулдаров Ресейде жарақатынан емделуде.