Украиндық шабуылшы Алексей Антонов әзірбайжандық «Габала» футбол клубының жаңа ойыншысы атанды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
Бұл туралы футболшының агенті Вадим Шаблия Faceebook арқылы мәлім етті. Антонов әзірбайжандық командамен екіжылдық келісімшартқа қол қойды. 
 
Естеріңізге сала кетсек, Алексей Антонов былтыр «Ақтөбеге» «Черноморецтен» ауысқан болатын.