«Астана» футбол клубының жартылай қорғаушысы Неманья Максимович жастар арасындағы Әлем чемпионатының финалында Сербия сапында Бразилия қақпасына шешуші гол соқты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
Сербия құрамасы ақтық кездесуде Бразилиямен күш сынасқан болатын. Матчтың 70-ші минутында Станиг Мандич балкандықтарды есепте алға шығарды, бірақ бразилиялықтар бірден есепті теңестіре алды. Ал, матчтың аяқталуяна екі минут қалғанда «Астананың» ойыншысы Неманья Максимович жеңісті гол соғып, Сербия құрамасына әлем кубогында жеңіс сыйлады.