Қазақстан Премьер-лигасының 20-туры аясындағы матчта «Астана» өз алаңында «Тобылмен» ойнады, деп жазады Prosports.kz.

Турнир кестесінің екінші және үшінші орнында тұрған командалардың ойыны тартысты өтіп, қостанайлық команда 2:1 есебімен басым түсті.

Осы жеңістің арқасында «Тобыл» 35 ұпай жинап, екінші орында тұрған «Астанаға» екі ұпай жақындады.

Астана - Тобыл 1:2 (1:1)

Гол соққандар: Мужиков 30 (0:1), Айымбетов 35 (1:1), Малый 72 (1:2)