Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ұлан Қонысбаев мансабын «Ордабасыда» жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
Бұл туралы шымкенттік клубқа жақын тұлғадан белгілі болды. Қонысбаев қазіргі таңда дәрігерлік тексерістен өтіп жатыр.
 
Естеріңізге сала кетсек, биылғы маусым алдында Қонысбаев қарағандылық «Шахтерден» «Астанаға» ауысқан болатын.