Александр Бублик пен Александр Недовесов Голландияға қарсы Дэвис кубогының финалдық турнирінің топтық кезеңіндегі ойында Қазақстан құрамасына бірінші ұпай әкелді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық дуэт Уэсли Кулхоф пен Матве Мидделкопты үш сетте ұтты – 6:4, 1:6, 6:3.

Ойын 1 сағат 45 минутқа созылды.

Қазақстан – Нидерланды матчындағы қорытынды есеп – 1:2. Голландия құрамасы D тобында көш бастады.

Келесі ойында Қазақстан құрамасы 15 қыркүйекте АҚШ құрамасымен ойнайды.