Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Дэвис кубогының топтық кезеңі аясында өткен кездесуде Нидерланды өкілі Таллон Грикспурден жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үш сетке созылған кездесу 1:6, 6:3, 3:6 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, бірінші ойын күнінің екінші кездесуінде қазақстандық Александр Бублик Ботик ван де Зандсхулппен кездеседі.