SD Family блогерлер командасы «Астана Аренада» тағы да мереке сыйлады. Бұл жолы Сыдықбектің командасы «Астанамен» кездесті. Матч 5:2 есебімен SD пайдасына аяқталды, деп жазады Prosports.kz.

Рас, матч алдында көрсетілгендей «гексакампеондар» Томасов пен Айымбетов емес, футбол клубының қызметкерлері, оның ішінде жаңа спорт директоры Асқар Әбілдаев, сондай-ақ команданың бұрынғы ойыншылары Ұлан Қонысбаев пен Сергей Хижниченко ойнады.

Дәстүр бойынша, SD Family матч алдында керемет трансфер жариялады. Starmix-ке дейін Сыдықбек Айбол Әбікенді қатарға қосып, бәрін таңқалдырса, бұл жолы клуб Zheka Fatbelly деген атпен танымал шоумен Жеңіс Омаровпен күшейді. Дидардың өзі бұл трансферге дән риза болып, оны команданың бойтұмары деп атады.

«Мен адамдардың ол жайлы жағымсыз пікір айтқанын қаламаймын. Оны қолдау керек, өйткені футбол біріктіреді. Келісіп, алаңға шыққаны үлкен құрметке лайық. Демек, Жеқа біздің бойтұмарымыз,, қашан да қасымызда табылатын бауырымыз», – деді Сыдықбек.

Расында да, Жека алғашқы матчта-ақ клубқа не үшін келгенін сездірді: шоу жасады.

«Астана» 4-3-2-1 схемасы бойынша ойнады.

Ал SD Family өз кезегінде 4-2-3-1 жүйесінде шығып, алаңның ортасына қайраттық жұп Әбікен - Советов жауапты болды.

Есеп 5-ші минутта-ақ ашылды: «Астана» қақпашысының өрескел қателігінен кейін Әбікен өз командасын алға шығарды.

Сегіз минуттан кейін «Астана» есепті теңестірді. Айып алаңы маңында әуеден келген пасты 51 жастағы Асқар Әбілдаев әдемі қабылдап, үзіліс жасап, Сейсембаевқа ыңғайлы соққы жасайтындай етіп пас шығарды. Есеп 1:1.

Таблода тең есеп он минут қана тұрды. 24-минутта Әбікен тағы да шеберлігін көрсетті. Сол қапталда допты тартып алып, айып алаңына еніп, Артур Асқарұлына пас берді. Ол өз кезегінде бос қақпаға допты домалата салды. Бірінші тайм 2:1 есебімен Сыдықбек шәкірттерінің пайдасына аяқталды.

Жанкүйерлер келесі голды көп күтуге тура келді, бірақ қандай десеңізші... 71-минутта Айбол Әбікен допты алаңның қақ ортасында қабылдап, үш қарсыластан өтіп, есеп айырмасын арттырды. Мұндай голды міндетті түрде көру керек!

3 минуттан кейін SD Family есепті ірілетті. Сол Әбікенмен пас алған Димаш гол соқты - 4:1. Одан кейін Әбікен тағы да пас берді, SD командасының ең танымал ойыншысы Ерболат Жанәбілов пасты ұтымды пайдаланды. Ал «Астана» соңғы минутта пенальтиден соққан голмен ғана жауап берді. Қорытынды есеп 5:2.

Бұл матч бұрынғы қайырымдылық ойындары сияқты еліміздегі жасөспірімдер футболына белсенді қолдау көрсететін JUSAN ұйымымен серіктестікте өтті. Тамыз айында SD Family JUSAN-мен бірге «Мен СДлықпып» атты үлкен жобаны іске қосты, онда футболшы болуды армандайтын 14-17 жас аралығындағы жас жігіттер SD Family медиа командасында ойнауға мүмкіндік алады.

«JUSAN-мен құндылықтарымыз өте ұқсас, сондықтан біз қазір жақсы қарым-қатынастамыз. Олар сондай-ақ балалар футболын қолдайды және кез келген басқа спорт түрін насихаттайды. Қазір JUSAN компаниясымен бірге «Мен СДлықпын» жобасы жүзеге асырылып жатқанын білесіздер. Олардың қолдауының арқасында біз халықтың сүйіктісі болдық. Қазақстандағы ең танымал бізге қосылады, қазірге кім екенін айтпаймын, сондықтан интриганы сақтайық, – деді Сыдықбек сөзін жалғап, – ТМД елдерінде мұндай жобаның баламасы жоқ деп нық сеніммен айта аламын. Сонымен қатар, барлығына қоса «JUSAN Өз лигасы» балалар футбол лигасы бар екенін атап өткім келеді. Егер бұрын командалар футбол ойнау үшін жарна төлеп келсе, қазір кез келген баланың мұндай мүмкіндігі бар. Және бұл тегін. Бұл үшін серіктесіміз JUSAN-ға мың алғыс».

«Астанамен» өткен матчтың соңында SD капитаны ойынның өзіне емес, нәтижеге риза болғанын мойындады.

«Біз үшін Мәскеуде өтетін медиа-лигаға дайындалу маңызды болды. Мықты қарсылас таңдағымыз келді. Біз «Астананың» негізгі құраммен ойнамағанын түсінеміз. Тамаша шоу болды деп ойлаймын. Ең бастысы, көрермен риза.

Расында да, жанкүйерлердің көңілінен шығып, елорданың суықтығына және жұмыс күніне қарамастан матчқа 7-8 мыңға жуық көрермен жиналды. Осынша халық «Астананың» ҚПЛ-дағы ойындарына да келе бермейді.

Медиа лигадағы SD Family командасы «Money» ФК, Watch TV, Goats, 2Drots, «Рубин», Василий Уткиннің «Эгриси» медиа командасы Fight Nights және «Наши Парни» БАҚ командасымен бірге «В» тобына түсті.