«Қайрат» ФК шабуылшысы Жоао Пауло футболдан Қазақстан чемпионатының 19-шы туры аясында өткен «Тұранға» қарсы матчты қорытындылады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.- Қорытынды есепке қарамастан, матч ауыр болды. «Тұран» мықты команда, оған қоса өз алаңында жанкүйерлерінің алдында ойнады. Бұл оларға күш-қуат берді. Біз болсақ, өз кезегімізде, жақсы ойын өрнегін көрсетіп, мүмкіндігімізді қолданып, жеңіске жетті. Командама көмектескенім үшін қуаныштымын. Әріптестерім мен бапкерлер штабына бөлек алғысымды айтқым келеді. Бұл хет-трик - команданың талмай жасаған еңбегінің арқасы.Осы мүмкіндікті қолдана отырып, «Ордабасыға» қарсы келесі матчта бізге қолдау көрсету үшін жанкүйерлерімізді шақырғым келеді!