Лондондық «Челсидің» басшылығы Петр Чехпен қош айтысуға дайын, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Британдық басылымдарының ақпараттарына сүйенсек, 33-жастағы  қақпашы жақын арада лондондық «Арсеналға» қосылады. Бұл трансфер үшін «канонирлер» 14 миллион фунт стерлингке шығындылмақ.

«Челси» болса Петрдің орнына Роберт Гринді сатып алмақ.  

Естеріңізге сала кетсек, «Челсиге» Тибо Куртуаның келуімен чехиялық голкипер биылғы маусымда тек қана жеті кездесуге қатысты.