Конголық шабуылшы Жуниор Кабананга ел чемпионы «Астанамен» 1,5 жылдық келісімшартқа отырды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
Елордалық клубтың баспасөз-қызметіне сүйенсек, 26-жастағы ойыншы «Ордабасыға» қарсы кездесуде алаңға шығуы ықтимал. Кабананга «Астанаға» бельгиялық «Серкль Брюгге» командасынан ауысты. Бұған дейін африкандық ойыншы «Андерлехтте» өнер көрсеткен екен.
 
«Бірнеше ұсыныстар болды. Бірақ отбасымен және агентімен кеңесіп, мансабымды Қазақстанда жалғастыруды жөн көрдім. Басты мақсатымыз - Чемпиондар лигасында жақсы ойнау. Осы мақсатқа жету үшін бар күшімді саламын», - деді Кабананга «Астананың» ресми сайтына.