Мұрат Тілешов «Астана» футбол клубының спорт директоры қызметінен кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Екі тараптың келісімі бойынша Мұрат Тілешев «Астана» футбол клубының спорт директоры қызметін босатты.«Астана» футбол клубының ұжымы Мұрат Әзімбекұлына команданың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтып, мансап жолында табысқа жетуіне тілек білдіреді», - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.