Денис Дедечко ресми түрде «Астана» футбол клубының жаңа ойыншысы атанды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Елордалық клубтың жаңа ойыншысы ресми түрде Қазақстан чемпионатына қатысуға рұхсат беретін қағазын алды. Футболшы 24-ші нөмірді таңдады. Демек, Дедечко ертеңгі «Астана» мен «Тараз» арасындағы кездесуге қатыса алады», - деп жазады «Астананың» ресми сайты. 

 
Естеріңізге сала кетсек, уккраиндық ойыншының жасы 28-де, бұған дейін ол Украина мен Ресей чемпионаттарында өнер көрсеткен болатын.