Қазақстан аңыздары командасы жұлдыздар командасымен 4:4 есебімен тең ойнап, өз тобында екінші орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz .

Бұл оған ертең Мәскеуде өтетін Константин Еременко атындағы Аңыздар кубогында үшінші орын үшін матчта ойнауға мүмкіндік береді.

Ардагер командамыздың сапында Қайрат Нұрдәулетов, Самат Смақов, Максим Азовский және Сергей Скорих гол соқты.