«Тобыл» қақпашысы Александр Мокинге Мюнхенде сәтті ота жасалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қазіргі уақытта футболшы ота жасалған неміс ортопедиялық емханасында оңалту шараларынан өтіп жатыр.Жақын арада Мокин Қостанайға оралады, ем-дом жұмыстары жалғасады.«Тобыл» футбол клубының ұжымына, сондай-ақ жанкүйерлеріме алғысымды білдіргім келеді, сіздердің қолдауларыңыз мен үшін өте маңызды», - дейді қақпашы.Еске сала кетейік, «Тобылдың» «бірінші нөмірі» «Ордабасыға» қарсы матч кезінде ауыр жарақат алған болатын.