Туриндік «Ювентус» трансферлік уақытта мадридтік «Атлетикодан» шабуылшы Марио Манджукичті сатып алуға ниетті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Италиялықтар хорват форвардын 15 млн еуроға бағалап отыр. «Ювентустың» бас директоры Джезеппе Маротта Мадридке аттанып, осы ауысым туралы келіссөз жүргізеді. Туриндіктер Манджукичті сатып алу арқылы «Бока Хуниорсқа» ауысатын Карлос Тевестің орнын жаппақ.

Өткен маусымда Марио Манджукич «Атлетико» сапында 43 матч өткізіп, 20 гол салған.