Швед-шешен файтері Хамзат Чимаев UFC 279 турнирінде америкалық Нейт Диасқа қарсы жекпе-жек алдындағы алғашқы салмақ өлшеу әрекетінде сәтсіздікке ұшырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Чимаев 178,5 фунт (80,96 кг) дене салмағын көрсетіп, жартылай орта салмақтағы шектеуді орындамады.

Бұл артық фунттарды таста үшін Хамзатқа қосымша сағат берілді. Еске салайық, Чимаев пен Диас арасындағы UFC 279 турнирінің басты жекпе-жегі 10 қыркүйек, сенбі күні Лас-Вегаста (АҚШ) өтеді.