«Найман» лақап атымен танымал қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитовтың қарсыласы ауысты.

Mergen Fighting Championship промоутерлік компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, Қуат Хамитов 10 қыркүйек күні Атырауда MFC3 турнирінде октагонға шығады. Кештің басты айқасында отандасымыз ресейлік Василий Бабинцевпен кездеседі.

Айта кетейік, жыл басында қазақстандық спортшы ММА-дағы кәсіби мансабының аяқталғанын жариялаған еді. Бірақ жаздың басында қайта оралатынын мәлімдеді.