Қазақстан құрамасы мен «Ақтөбенің» қақпашысы Стас Покатилов ақтөбелік командада бақытты екенін айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Түркия чемпионатында ойнау, әрине, мәртебе. Бірақ мен еліміздегі ең мықты командалардың бірінде өнер көрсетемін. Қазақстандағы ең күшті жанкүйерлер – Ақтөбеде. Бұған қоса, алда Еуропа лигасы. Оған дейін стадион дайын болатын шығар деген ойдамын», - деді Покатилов «Диапазон» басылымына.

Естеріңізге сала кетсек, ЕУРО-2016 аясындағы Қазақстан-Түркия кездесуінен кейін 22-жастағы қазақстандық қақпашыға түркиялық «Ризерспор» қызығушылық таныта бастады.