Қазақстандық «Барыс» ҚХЛ аясындағы матчда сырт алаңда «Витяздан» жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 5:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. «Витязь» құрамында Скотт Уилсон, Степан Старков, Владислав Кара, Кирилл Рассказов және Джереми Рой шайба соқты.

Осылайша, қазақстандық клуб маусым басында үшінші рет жеңіліске ұшырап отыр.