«Қайсар» футбол клубының шабуылшысы Эдин Юнузович кәсіби мансабын шымкенттік «Ордабасыда» жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бейресми ақпаратқа сүйенсек, 29-жастағы хорватиялық шабуылшы шымкенттік клубпен келіссөздер жүргізуде. Естеріңізге сала кетсек, Юнузович биылғы маусымның алдында «Қайсар» сапын толықтырған болатын.

Айта кетер жайт, Эдин Юнузович 2013-2014 маусым аралығында «Ордабасыда» өнер көрсеткен.