Маусымның 19-ы күні Қызылорда облысы Сырдария ауданына қарасты Нағи Ілиясов ауылында жаңа стадионның ашылуы болады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Ашылу құрметіне орай, аталмыш стадионның алаңында «Қайсар» мен «Ақтөбе» командаларының қосалқы құрамдары Қазақстан біріншілігінің 16-туры аясындағы кездесуін өткізеді. Ойын сағат 19:00-де басталады. Матч аяқталған соң көрермендерге Сыр өңірі жұлдыздарының қатысуымен концерт қойылады.