Қазақстандық актер Еркебұлан Тоқтар кәсіпқой бокста бақ сынап көрмекші, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол 2 қазанда Алматыда өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығады. Жекпе-жек төрт раундқа жоспарланған. Қарсыласы қазірше белгісіз.

Айта кетейік, Тоқтар бұған дейін ММА-да өнер көрсеткен, онда ол төрт рет жеңіске жетіп, екі мәрте жеңілді.

Еркебұлан белгілі актер, 2011 жылдан бері ол фильмдерде түрлі рөл сомдап жүр, 2017 жылы ZOR фильмінде басты рөл алды.