Қостанайлық «Тобылдың» жартылай қорғаушысы Милян Вукадинович Премьер-лиганың матчында алматылық «Қайратты» сырт алаңда 3:2 есебімен жеңгеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бірінші таймның бірінші жартысында біз ойынға өте жақсы кірдік. Осы уақыт аралығында қарқынды арттырып, екі гол соқтық. Екінші таймда жақсырақ ойнауымыз керек еді. Содан кейін доп жіберіп алып,«Қайраттың» ойынға қайта оралуына мүмкіндік бердік, бірақ жеңісті сақтап қалдық. Игорь тамаша пастан кейін Жарко есеп айырмасын арттырды.

Осындай маңызды матчта бізді қолдауға келген жанкүйерлердің көптігі мені қатты таң қалдырды. Барлығын жеңіспен құттықтаймын», - деді Милян Вукадинович