6 қыркүйекте Ақтауда футзалдан Қазақстан суперкубогы аясындағы ойын өтеді, онда алматылық «Қайрат» пен рудныйлық «Аят» кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматылықтар өткен маусымда ел чемпионы және кубок иегері атанғандықтан, регламент бойынша олардың суперкубок ойынындағы қарсыластары Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегерлері – рудныйлық «Аят» болады.

«Қайрат» - «Аят» матчтың тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 16:55-те (Ақтау уақытымен 15:55-те) басталады, оны мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.

Фото afckairat.kz