«Ақсу» шабуылшысы Тони Сильва Қазақстан Премьер-лигасының 18-туры аясында өткен «Мақтааралға» (4:2) қарсы мачт жайлы пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz клубытың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бірінші таймда бізде сәл қобалжу болды. Үзілісте жаттықтырушы сабыр сақтап, екінші таймда жинақы ойнауды тапсырды. «Ақсу» сапындағы алғашқы голымды соққаныма қуаныштымын. Команда мен жанкүйерлерді жеңіске жеткенімізбен құттықтаймын. Қолдау көрсеткендеріңізге рақмет. Енді келесі ойынға дайындаламыз», - деді Тони Сильва

ҚПЛ. 18-тур.

«Ақсу» – «Мақтаарал» – 4:2 (2:2)

Гол соққандар: Пайруз 16 (0:1), Тони Сильва 18 (1:1), Себаихи 24 (1:2), Тұңғышбаев 31 (2:2), Тұңғышбаев 47 (3:2), Тұңғышбаев 64 (4:2).