Бүгін елордалық клуб Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты маусымы аясындағы екінші ойынын өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Барыстың»қарсыласы санкт-петербургтік СКА командасы болады.

Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 22:30-да басталады. Кездесудің трансляциясын QAZSPORT және КХЛ ТВ телеарналарынан немесе мына СІЛТЕМЕ арқылы да көруге болады.

Айта кетейік, чемпионаттың ашылуындағы минскілік «Динамоға» қарсы өткен кездесуде Андрей Скабелка шәкірттері жеңіліп қалған болатын.

Фото: «Барыс» ХК