Ағылшын чемпионатының алтыншы турының орталық ойынында «Манчестер Юнайтед» пен «Арсенал» кездесті.

«Олд Траффордтағы» матч 3:1 есебімен алаң қожайындарының пайдасына аяқталды. Жеңімпаздар қатарында Антони гол соқты, Маркус Рэшфорд дубль авторы атанды. «Арсенал» сапынан Букайо Сака мергендік танытты.

Тур қорытындысы бойынша «Арсенал» 15 ұпаймен бірінші орында қалды. «МЮ» 12 ұпай жинап, бесінші орынға көтерілді.