Чехиялық жартылай қорғаушы Томаш Йирсак жуық арада «Ертіс» футбол клубының сапына қосылады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
30 жастағы чехтің мансаптық жолындағы алғашқы клубы «Градец-Кралове» (Чехия) болған. Т.Йирсак бұл клуб сапында 40 рет жасыл алаңға шығып, 5 гол салған.
 
Сондай-ақ, Чехияның жоғары дивизионындағы «Теплице» клубында екі маусым өткізген жартылай қорғаушы 2007 жылы Польшаның «Висла» клубымен бес жылдық келісімшарт жасасқан.
 
2012-2015 жыл аралығында Болгарияның «Ботев» клубында ойнаған. Өткен маусымда Т.Йирсак 27 ойын өткізіп, 5 гол салған. Томаш Йирсак «Ертіс» футбол клубында енді 20-шы нөмірінде ойнайды.