26 жастағы шабуылшы алматылық хоккей клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Баженов командаға «Бейбарыстан» ауысты.

26 жастағы хоккейшімен келісімшарт үш жылға жасалған.

26 жастағы шабуылшы өткен маусымды «Алматыда бастап», 32 матч өткізіп, 32 (16+16) ұпай жинаған.

Маусым барысында «Бейбарысқа» жалға көшті. Атыраулық клуб сапында шабуылшы 28 кездесуде мұз айдынына шығып, 14 (9+5) ұпай жинады.