UFC тұңғыш рет Франция астанасында турнир өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Парижде өткен турнирге көптеп келген француз жанкүйерлері негізгі жекпе-жекті тағатсыздана күтті. Oнда олардың отандасы, ауыр салмақта UFC-дің бірінші нөмірі Сириль Ган Тай Туйвасумен жұдырықтасады.

Айқас октогон иесінің айқын басымдығымен өтті. Үшінші раундта аяқталар тұста Сириль қарсыласын нокаутқа түсірді.