«Мақтаарал» ФК ойыншысы Мейрамбек Серікбай «Астанаға» қарсы матч туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Командада қорғаныс болмады емес, болды. Ойын барысын қарап отырып, қай ойыншы қалай ойнайтынын байқап отырдық. «Астана» ойыншылары жақсы ойын көрсетті, біз де қапы қалмадық. Біз егерде әлсіздік танытсақ, есеп басқаша болар ме еді... Сондықтан біз бар күшімізді салдық. Ойымызда тек чемпионат қана болған жоқ. Бізге әр ойын маңызды. Себебі біздің команда жас болғандықтан тәжірибені қайта-қайта жаңартып, профессионалды тұрғыда жинауымыз қажет.

Жалпы 1/4 финал тартысты өтті. Жанкүйерлер де, көрермендер де өз көздерімен көрді. Бағасын бере жатар. Қақпашы Рамиль Нурмухаметов өте жақсы нәтижемен қақпада тұрып берді.

Ал мен өзім ауысымға шыққанда, өз-өзімді жоғалтқан жоқпын дер кезінде өз орнымда болуға тырыстым. Голды өткізіп алғанымыз үшін бапкерлерден, ұжымнан, жанкүйерлерден кешірім сұраймыз.

Біз қақпашының жағдайын алаңдап тұрғанда, есеп ашылып кетеді деп ойламадық. Себебі, көпшіліктің назары сол жақта еді», - деді футболшы.