Қазақстандық жартылай қорғаушы Арман Нүсіп «Тұран» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жартылай қорғаушы биылғы маусымды ақтаулық «Каспийде» бастаған. Бұған дейін «Цесна», ЦСКА (Алматы), «Қайсар», «Қайрат-А», «Алтай», «Ертіс» және «Тараз» командаларында өнер көрсеткен.