Гданьск қаласында өтетін жасөспірімдер арсындағы ISU Гран-приінің бесінші кезеңіне қатысатын спортшылар тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Польшада ерлер арасындағы жарыста Никита Козлов пен Никита Кривошеев өнер көрсетеді.

Айта кетейік, Кривошеев Ригадағы кезеңнің қосалқы спортшысы, ал Козлов Еревандағы турнирдің резервінде бар.

Әйелдер арасындағы жарыстарға қазақстандық спортшылар қатыспайды.

Айта кетейік, Гданьсктегі кезең 28 қыркүйек пен 1 ​​қазан аралығында өтеді.