Ресей кубогының 1/128 финалында «Муром» клубы сырт алаңда «Химикті» 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қонақ команда сапында өнер көрсететін қазақстандық шабуылшы Байжан Мәделхан гол соғып көзге түсті.

Алаңға 46-минутта шыққан 20 жастағы футболшы пенальтиден гол соғып, командасын турнирдің келесі кезеңіне шығарды.

«Химик» (Дзержинск, Ресей) – «Муром» (Ресей) – 1:2

Гол соққандар: Руслан Кабутов 18 – Дмитрий Зинович 73 (пенальти), Байжан Маделхан 86 (пенальти)