«Манчестер Юнайтед» футбол клубы «Аякстан» (Амстердам) бразилиялық шабуылшы Антонидің ауысқанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ағылшын клубының сайтында 22 жастағы шабуылшы медициналық тексеруден өтіп, жеке келісім-шартқа қол қойып, Ұлыбританияда жұмыс істеуге рұқсат алуы керек деп жазылған.

Аякс өзінің ресми сайтында трансфер сомасы 95 миллион еуроны құрайтынын, ал бонустармен 100 миллионға дейін көтерілуі мүмкін екенін айтты.