Тректегі велоспорттан Қазақстан командасының өкілі Рината Сұлтанова Таиландта өтіп жатқан Азия Кубогының алтынын жеңіп алды.

Рината топтық жарыста үздік атанды. Бұған дейңн ол топтық жарыста "қола" жеңіп алған болатын.

Айта кетейік, қазақстандық спортшы жақында Түркияның Конья қаласында өткен 5-ші Ислам ынтымақтастығы ойындарында бірден төрт медаль жеңіп алды: омниум, скретч және жекелей бәсеке секцияларында үш алтын, сонымен қатар тас жол жарысында қола медаль иеленді.