Қазақ боксшысы, WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы WBA Super, IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің мексикалық Сауль «Канело» Альвареске қарсы үшінші жекпе-жегіне сәттілік тіледі, деп жазады Prosports.kz.

Әлімханұлы Головкиннің Instagram желісіндегі жазбасына сәттілік тілеп, пікір қалдырды.

Айта кетейік, Головкин — «Канело» кездесуі 17 қыркүйекте Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile аренада өтеді.