«Моленбек» Бельгия Бірінші лигасының үшінші туры аясында Club NXT командасынан жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«РВД Моленбек» сапында өнер көрсететін Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский алаңға негізгі құрамда шығып, 55-минутта командаласы Иванн Ботельяның гол соғуына мүмкіндік жасады.

Дәл қазір Янның командасы турнирлік кестеде 12-орында тұр.

Club NXT – «РВД Моленбек» (Моленбек-Сен-Жан, Бельгия) – 2:1

Гол соққандар: Сиссе Сандра 29, Ноа Мбамба 56 – Иванн Ботелья 55