Бейсенбі, 28 тамызда «Ақсу» футбол клубын «Атыраудың» бұрынғы бапкері Константин Горовенко жаттықтыратыны белгілі болды. Prosports.kz павлодарлық клубтың басшылығы неге мұндай таңдау жасағанын талдап, 45 жастағы маманның басты жетістіктерін саралап көрді.

«Ақсу» сырт алаңда «Ақтөбеден» жеңілгеннен кейін Руслан Костышин бапкерлік қызметтен кетті. Украиналық маман клуб басшылары күткендей жақсы нәтижеге қол жеткізе алмады. ҚПЛ дебютанты енді кейінгі жылдары максималист маман екенін дәлелдеген отандық бапкер Константин Горовенкоға сенім артқалы отыр.