Литва чемпионатының 24-турындағы «Хегельман» - «Жальгирис» кездесуі вильнюстік клубтың жеңісімен аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Литва Премьер-лигасы. 24-тур.

«Хегельман» (Каунас, Литва) – «Жальгирис» (Вильнюс, Литва) – 1:4 (1:3)

Голдар: Сайчич 20 (1:0), Татомирович 35 (1:1), Ойвуси 37 (1:2), Миличкович 45+3 (1:3), Урега 72 (1:4)

28 тамыз. Каунас. «ЛФФ» стадионы

Негізгі құрамда қорғаушы Дінмұхамед Қашкен шықты. Қазақстандық ойыншы кездесудің толық уақытын алаңда өткізді.

Айта кетейік, «Жальгиристің» бас бапкері болып қазақстандық Владимир Чебурин жұмыс істейді.