Хоккейден Қазақстан кубогы топтық кезеңі аяқталды. Жүлдеге талас жолында төрт команда қалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Pro.ligasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Жартылай финалға шыққан ұжымдар орны топтық кезеңдегі нәтижесі бойынша бекітілді:

Q1 – «Арлан» (топтағы бірінші орын, 6 ұпай)Q2 – «Сарыарқа» (топтағы бірінші орын, 5 ұпай)Q3 – «Ертіс» (топтағы бірінші орын, 4 ұпай)Q4 – «Горняк» (әр топтп екінші орын алғандар ішінде үздік команда, 5 ұпай)

Осылайша жартылай финалдағы жұптар мынадай:

14:00. «Арлан» (Көкшетау) – «Горняк» (Рудный)19:00. «Сарыарқа» (Қарағанды) – «Ертіс» (Павлодар)

Жартылай финал кездесулері 31 тамызда Нұр-Сұлтандағы «Барыс-Аренада» (В блогы) өтеді.

Фото instagram.com/hcarlan_official