Ла Лиганың 3-туры аясында Барселона қаласында бірден екі матч өтті. Бірінші «Барселонаның» өзі ойнаса, екіншісінде «Реал» қонақ болып келді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Камп Ноуда» «Барселона» 4:0 есебімен «Вальядолидті» тас-талқан етті. Польшалық форвард Роберт Левандовски дубль жасады. Каталониялықтар қатарынан екінші рет жеңіп, 7 ұпаймен 3-4-орында тұр.

«Барселона» (Барселона) – «Вальядолид» (Вальядолид) 4:0 (2:0)Голдар: 1:0 – Левандовски (24), 2:0 – Педри (43), 3:0 – Левандовски (65), 4:0 – Роберто (90+2)

Үшінші турды «Эль Прат» стадионында «Эспаньол» мен мадридтік «Реал» аяқтады. Бұл кездесуде Испания чемпионы 3:1 есебімен жеңіске жетті. Матч соңына қарай Кәрім Бензема дубль жасап, қонақтарға жеңіс сыйлады.

«Реал» үш ойында да жеңіске жетіп, Ла Лигада «Бетиспен» бірге көш бастап келеді.

«Эспаньол» (Барселона) – «Реал» (Мадрид) 1:3 (1:1)Голдар: 0:1 – Винисиус Жуниор (12), 1:1 – Хоселу (43), 1:2 – Бензема (88), 1:3 – Бензема (90+10)

Фото thenews.sg