Бүгін, 28 тамызда Қазақстан футбол тарихындағы үздік футболшылардың бірі Сейілда Байшақов туған күнін атап өтеді.

Алматылық «Қайрат» пен КСРО құрамасының қорғаушысы 72 жасқа толып отыр.

Сейілдә Икрамұлының ойынын көргендер оның алаңдағы табандылығф мен қайсарлығын атап өтеді. Оның сыртында ол өте ақкөңіл, ақжарқын адам.

Алматылық «Қайрат» футзал клубы мен оның президенті Қайрат Айтмолдаұлы Оразбеков даңқты ардагерді туған күнімен шын жүректен құттықтайды! Ол кісіге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, тамаша көңіл-күй тілейді.

Әрқашан жас та, жігерлі болып жүре беріңіз, Сейілда Икрамұлы!