Кливлендте (АҚШ) қазақстандық Анна Данилина қатысқан WTA сериясының теннис турнирінің финалы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жұптық сайыста Қазақстанның бірінші ракеткасы сербиялық Александра Круничпен бірге өнер көрсетті. Олар америкалық Николь Меликар мен австралиялық Эллен Переске қарсы ойнады.

Кездесу екі сетте аяқталды - 5:7, 3:6.

Матч 1 сағат 17 минутқа созылды.