17 жастағы Жәнібек Қорғанбек Түркияның «Ризерспор» командасынан шақырту алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойыншы бір апта қаралымнан өту үшін дүйсенбі күні Түркияға ұшады.

Бұған дейін Жәнібек ешбір кәсіпқой клубта өнер көрсетпеген.

Айта кетейік, кезінде Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншылары Давид Лория мен Самат Смақов «Ризерспор» сапында ойнаған болатын. Олар клубтың Түркия Бірінші лигасын жеңіп алып, Суперлигаға шығуына көмектесті