«Ақтөбенің» жаңадан келген ойыншысы Эрнест Антви премьер-лига аясында павлодарлық «Ақсуға» қарсы өткен ойында «ақ-қызылдар» сапындағы дебютін бағалады, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

— Осыншама ай ойнамаған соң жақсы сезім мен өте жақсы атмосфера. Бүгін мен «Ақтөбе» сапында алғашқы маьч өткізгеніме қуаныштымын. Әлі біраз еңбктену керек.

Менің ойымша, бізде тамаша команда және киім ауыстыратын бөлмеде жақсы атмосфера бар. Ұжымда бірлік орнап, барлығы бір-бірін қолдайтынын байқауға болады.

Чемпиондыққа жету үшін бір-бірімізге көмектесуіміз керек, бұл өте қиын міндет.

Стадиондағы жоғары атмосфера бұл команданың жеңіске жетуіне көп көмектеседі деп ойлаймын.

ҚПЛ мен УПЛ-ды салыстыру? Мен бар болғаны 10 минут қана алаңға шықтым және басқа командалармен ойнамадым, сондықтан бұл туралы пікірім жоқ. Мен өз пікірімді айту үшін көптеген клубтарда ойнауым керек», - деді Антви.