OCTAGON 34 турнирінде қазақстандық кәсіпқой боксшы Райымбек Асан ММА-дағы дебютін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның қарсыласы тәжірибелі файтер Әли Шоев болады. Жекпе-жек аралық салмақ дәрежесінде өтеді.

Еске салайық, ивенттің басты жекпе-жегінде аса жеңіл салмақтағы қазіргі чемпион Дамир Төленов (7-0) ауыр жарақатынан кейін октагонға оралып, Дархан «Мотиватор» Сқақовпен (7-4) жекпе-жекте титулын қорғайды.